Қарағандыда ерекше балалар өнер туындыларымен танысуға мүмкіндік алды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында қайырымдылық қоры көзі көрмейтін және нашар көретін балаларды өнер туындыларымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Әлемді ашамыз: Қазақстан мұражайларында қолжетімді орта құру» жобасы таныстырылды.

Бейнелеу өнері мұражайында арнайы ауызша сипаттама (аудиодескрипция) және тактильді модельдер көмегімен ерекше білім беру қажеттіліг і бар балалар 27 өнер туындысымен танысты.

Бедерлі көлемді төрт тактильді модельді қарағандылық суретші Виктор Арент жасаған.

Қазақ және орыс тілдерінде дыбысталған экспонаттар - Қазақстан, Ресей бейнелеу өнері, сондай-ақ репрессияға ұшыраған суретшілердің туындылары.

Дыбыс жолдарының жалпы саны – 54.

Кәсіби дикторлардан басқа, аудиодескрипция жазуға Қарағанды облысының тумалары, белгілі жерлестер мен өнер қайраткерлері, «Дара» қайырымдылық қорының достары, демеушілері мен серіктестері тартылды.

Жоба аясында экспонат мәселесі бойынша зағип сарапшылар тартылды.

Мұражай қызметкерлері көзі көрмейтін және нашар көретін келушілермен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтті.


Соңғы жаңалықтар