Қарағандыда ерекше балалар арасындағы пәндік олимпиада жеңімпаздары марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Балаларды қорғау күні қарсаңында Қарағанды облысындағы арнайы мектеп-интернаттардың 5-6 сынып оқушылары арасында пәндер бойынша облыстық олимпиада жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үздік оқушыларға дипломдар, медальдар және балаларға арналған иллюстрацияланған кітаптар табыс етілді.

Олимпиадаға барлығы жеті арнайы мектеп-интернаттан келген 50-ден астам бала қатысты.

Оның ішінде тоғыз оқушы - бірінші орынға, жетеуі - екінші орынға және он оқушы - үшінші орынға ие болды.

«Жыл сайынғы олимпиада ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау үшін өткізіледі. Оқушылар қазақ және орыс тілдері мен математикадан тапсырма орындайды. Жыл сайын олимпиадашылар саны артып келеді. Өткен жылы зияткерлік жарыстарға 33 бала қатысса, биыл 50-ден астам бала бақ сынады», – деп атап өтті білім басқармасы.

Жеңімпаздар:

- Айсана Төлеу, 5-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 4 мектеп-интернаты;

- Зейнеп Нұралина, 5-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 3 мектеп-интернаты;

- Сайран Балташев, 6-сынып, Теміртау қаласының мамандандырылған № 5 мектеп-интернаты;

- Саян Бақатай, 6-сынып, Теміртау қаласының №5 мамандандырылған мектеп-интернаты;

- Шахмардан Сұлтан, 6-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 1 мектеп-интернаты;

- Мадина Абдуллоева, 6-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 1 мектеп-интернаты;

- Айдина Әскербекова, 6-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 4 мектеп-интернаты;

- Мәди Абзалбеков, 6-сынып, Қарағанды қаласының мамандандырылған № 4 мектеп-интернаты;

- Рүстем Гнилосыров, 6-сынып, Қарағанды қаласының № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты.


Соңғы жаңалықтар