Қарағандыда ер адам 2 жасар қызын кепілге алған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өзінің екі жасар қызын кепілге алған 34 жасар жігіт, сәбиді бірнеше сағаттан соң әрең босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 сәуір күні сағат 15.20-да 102 телефонына 34 жастағы Қарағанды тұрғынының өзінің 2 жастағы қызын кепілге алғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірден барлық жедел қызмет өкілдері жұмылдырылды. 4 сағатқа созылған келіссөздер және полиция қызметкерлерінің жедел ұйымдастырған операцияларының нәтижесінде 2 жасар қыз бала құтқарылды.

Ұсталған азамат полиция бөліміне жеткізілді. Операция кезінде ешкім жапа шеккен жоқ.

Ер азаматты осындай әрекетке қандай жайттар итермелегенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 261 бабы 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар