Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр. Қатысушылар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту перспективаларын және «жасыл» технологияларға көшу мәселелерін талқылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Даму» қорының өкілдері, сервистік компаниялардың басшылары, бизнесмендер және басқалары қатысып жатыр.

Олар екі күн бойы жаңартылатын энергетиканың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының энергия тиімділігі саласындағы бастамаларын, «жасыл» субсидиялар және жаңартылатын энергия көздеріне байланысты жобаларды бірлесіп қаржыландырудың түрлі құралдарын сөз ететін болады.

Форум бағдарламасына сондай-ақ, энергия үнемдеу саласындағы жобаларды іске асыру үлгілерін талқылау, бизнес-кейстер және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жергілікті жобалардың тұсаукесерін өткізу енгізілді.

Қатысушылар үшін инвестициялық жобаларды әзірлеу бойынша шеберлік сабақтар өткізіледі.

Ұйымдастырушылар іс-шарадан кейін Қарағанды облысында «жасыл» технологияларды қолдануға мүдделі кәсіпкерлер саны артатынына үмітті.

Соңғы жаңалықтар