Қарағандыда электр пойызы 35 жастағы еркек пен 4 жасар баланы қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды маңайындағы стансалардың бірінде ер адам мен 4 жасар бала электр пойызының астында қалып қойды. Зардап шеккендер ауыр халде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 маусым күні сағат 20:00 шамасында «Майқұдық-Жаңа-Қарағанды» бекетінде 38 жасар ер адам мен 4 жасар бала электр пойызының астына түсіп қалған. Зардап шеккендер Мақажанов атындағы клиникаға ауыр халде жеткізілді.

«1985 жылы туған ер адам бас сүйек-ми жарақатымен, ми діңінің зақымдануымен, 2 қабырғасы сынып, өкпесі соғылып, сол жақ пневмоторакспен жеткізілді. Жауырыны сынып, жарақат шогын алған ол мас күйінде Мақажанов атындағы клиниканың қабылдау бөліміне жеткізілді. Тексеру және жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті ем-шара жасалды. Ол аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты ауыр. 2016 жылы туған бала миы зақымданып, бас сүйегі сынып, шұғыл нейрохирургия бөлімінде емделуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

«Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы оқиғада ҚР ҚК 344-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың белгісі бар», - деп түсіндірді ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар