Қарағандыда Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізіліп, миллион теңге табыс етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша әйелдер күресі федерациясы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізіп, оның жаттықтырушысы Владислав Сутормин екеуіне төрт миллион теңгені табыс етті.

«Рио-де-Жанейродағы ХХХІ Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткен Эльмира Сыздықованы бүгін Қарағанды облысындағы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрағасы Асылбек Дүйсебаев марапаттады.  Атап айтқанда, федерация атынан спортшыға Toyota Corolla көлігінің кілті табыс етілді. Бұған қоса, Эльмира Сыздықоваға федерация атынан сыйақы ретінде 1 000 000 теңге, ал оның бапкері Владислав Суторминге - 3 000 000 теңге берілді», - деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қарағанды облысыныңдағы тілшісі. 

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерін салтанатты құттықтау шарасына спорт ардагерлері, көрнекті спорт қайраткерлері мен еңбек сіңірген жаттықтырушылар Нұрғазы Жарылғапов, Александр Мыцик, Иосиф Момцелидзе және тағы басқалары қатысқан.  Меймандар жас чемпионды айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктерді бағындырып, жаңа медальдарымен қуантуға тілектестігін білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков спорттағы еңбегі және Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарындағы жетістігі үшін Эльмира  Сыздықоваға Toyota Camry көлігін сыйлаған болатын.

Эльмира Сыздықова - ҚР әйелдер күресі бойынша халықаралық сыныптағы спорт шебері. 2011 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2012 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2015 және 2016 жылдардағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Оның жеке бапкері  - Владислав Сутормин.

Еске салсақ, қазақстандық Эльмира Сыздықова Рио олимпиадасында мысырлық Энас Мұстафаны 7:4 есебімен ұтып, қола медаль иеленді. 69 келіге дейінгі салмақ санатында бірінші орынды жапондық Сара Досо, екінші орынды ресейлік Наталья Воробьева иеленген болатын.

null  

Соңғы жаңалықтар