Қарағандыда екі тұрғын сауда үйін жарып жібермек болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 25 наурызда 102 телефонына белгісіз азаматтан «Таир» СҚ ғимаратын жарамыз деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісі пультіне қоңырау келіп түскен бетте дереу оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жіберілген. Ғимараттан 500-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы мен сауда үйінің күзет қызметінің қызметкерлері алкогольдік мас күйінде 31 және 39 жастағы Қарағанды қаласының екі тұрғынын ұстады.

Мән-жайды анықтау барысында, ер адамдар мас күйінде күзет қызметкерлеріне сауда үйін жаратыны туралы мәлімдегені белгілі болды. Алайда полиция қызметкерлері тексеру кезінде ұсталған адамдардан жарылғыш заттарды таппаған.

Полиция қызметкерлері екі ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 438-бабы 1-бөлімі және 440-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар жасады.

Сондай-ақ, полиция департаментінің қызметкерлері кейбір әлеуметтік желілерде және Whatsapp мессенджерінде бұл дерек туралы жалған ақпарат таратылғанын хабарлайды. Полиция жалған хабар таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар