Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің ауласында екі жігіттің мәйіті табылды. Көп ұзамастан полицейлер оларды өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 шілде түнгі сағат 1.30 шамасында Қарағанды қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан екі адамның мәйіті табылды. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері бірден оқиға болған жерді зерттеп, күдіктіні анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілді.

«Жедел әрекеттер барысында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жәбірленушілермен келіспушілік барысында пышақ жарақатын салғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыс құралы тәркіленді. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жәбірленушілердің жеке басын анықтады. Олар - 18 және 20 жастағы азаматтар. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.


Соңғы жаңалықтар