Қарағандыда екі адам көлікпен бірге суға батып кете жаздады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда көлікпен бірге суға батып кете жаздаған екі адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 қазанда сағат 12: 26-да 112 пультіне «Қарағанды-Абай» автожолында құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі рульді басқара алмай, суға түсіп кеткен. Көлікте 42 жастағы әйел мен 16 жастағы қыз болған.

«Шақырту орнына жедел жеткен ТЖД бөлімшелері мен ҚР ҰҰ №5451 әскери бөлімі адамдарды құтқарып, судан автокөлікті шығарып алды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар