Қарағандыда егде тартқан әйел жүргізушіні ұрып-соғып, көлігін бүлдірді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда егде тартқан әйел жүргізушіні ұрып-соғып, көлігін бүлдірді. Оның видеосын бірнеше сағатта 25 мың адам көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Қарағандының қауырт қиылыстарының бірінде болған. Егде тартқан әйел бағдаршамда тұрған көліктердің бірінің жүргізушісін жұдырықпен бірнеше рет ұрып, автомобилін тепкен. Ашулы кемпірдің бұл әрекетін куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Оның видеосын бірнеше сағатта 25 мың адам көрген.

Кемпірдің ашуына ненің себеп болғаны әзірге белгісіз. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

«Бұл дерек бойынша ешкім полицияға келген жоқ. Желіге тараған видеожазбаны полицейлер тексеріп, әйелдің тұлғасын, бұл әрекетіне не себеп болғанын анықтайды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ескерту: видеода балағат сөздер бар!

Соңғы жаңалықтар