Қарағандыда джиу-джитсудан республикалық турнирге мыңнан астам спортшы қатысуда

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында джиу-джитсудан KARAGANDA BJJ OPEN 2022 республикалық турнирі басталды. Жарыс үш күн бойы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чемпионатқа 5 жастан бастап балалар, ересектер мен ардагерлер қатысады. 74 клубтан мыңнан астам спортшы тіркелді. Олардың арасында Ресей, Әзірбайжан және Германия өкілдері бар.

Жарыс ең жас жауынгерлердің өнерінен басталды. Қазірдің өзінде Қарағандының қоржынында төрт медаль, оның ішінде үш алтын бар.

«Қарағандыда 20-дан астам әлем чемпионы бар. Өткен жылы Абу-Дабиде біздің балалар сегіз алтын медаль жеңіп алды. Жалпы, джиу-джитсу Қазақстанда өте дамыған. Өткен жылы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша еліміздің құрамасы жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды. 110 ел қатысты», – дейді Қарағанды облысының джиу-джитсу федерациясының президенті Аян Шермағанбетов.

Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жарыстар үш кілемде өтеді. Олардың барлығы «Қарағанды облысының Джиу-Джитсу федерациясы» YouTube-арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Джиу-джитсумен айналысатын спортшылардың жарыс кестесі толық. Тамыз айында Нұр-Сұлтанда грепплингтен ашық республикалық чемпионат және балалар мен жастар арасында Қарағанды облысының ресми чемпионаты жоспарланған, қыркүйекте Қазақстан чемпионаты, қарашада халықаралық жарыстар өтеді.




Соңғы жаңалықтар