Қарағандыда дәстүрлі «Ауыл береке» жәрмеңкесі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков дәстүрлі «Ауыл береке» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде болып қайтты,деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

- Бүгін біздің аймағымызда дәстүрлі «Ауыл береке» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталып отыр. Осылайша біз Елбасының нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі нақты тапсырмасын орындаудамыз. Өнімдер тұрғындарға қолжетімді бағамен сатылуда. Әрине, бұл бір күндік қана шаруа емес. Бұл секілді жәрмеңкелер қала тұрғындарының қысқы маусымға сапалы өнім сатып алуға кең мүмкіндік береді,- деді аймақ басшысы.

Жәрмеңкеге 8 аудан 600 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері - 53 тонна ет, 250 мың дана жұмыртқа, 17 тонна сүт өнімдері, 320 тонна картоп, 100 тонна көкеніс әкелінді. Делдалсыз жеткізілгеннен соң өнім бағасы 10-15 пайызға, ал картоп пен көкеніс бағасы 30 пайызға арзан. Еске сала кетсек, алдағы 25 қазанда, 8 қарашада және 13 желтоқсанда да дәстүрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар