Қарағандыда дарынды балаларға арналған мектептердің 11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен республикалық олимпиада өтуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аясында үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған арнайы мектептің 11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен республикалық олимпиада өтуде.

«Олимпиада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Іс-шараның мақсаты - «Үш тұғырлы тіл» ұлттық мәдени жобаны насихаттау, сондай-ақ шет тілін білу саласында дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау білдіру болып табылады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Республикалық олимпиадада еліміздің 12 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан келген 86 мектеп бітіруші түлек бағын сынауда.

«Үш тұғырлы тіл» жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Шет тілін білу мамандардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады», - деді өзінің алғы сөзінде «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева.

Соңғы жаңалықтар