Қарағандыда дәрігерлерге мерекелік палау әзірленді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы дәрігерлерге мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Жерлестеріміздің өмірін қауіпті індеттен құтқара отырып, алдыңғы шепте ерен еңбек етіп жатқан дәрігерлер ерекше көңіл мен қолдауға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке күніне орай Қарағандыдағы ауруханалардың біріне үлкен қазанмен өзбек палауы жеткізілді. «Бірлік» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Бахтияр Ысқақов дәрігерлерді ұлттық тағаммен тамақтандыру үшін Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні таңнан бастап қазан-ошақтың жанында ас әзірлеумен айналысқан. Сондай-ақ, дәстүрлі тандыр нан пісірді.

«Біз осы күндері облысымызда ауқымды түрде өтіп жатқан #Ұлттағамдары челленджін қолдадық. Бұл жай ғана акция емес, біздің ақ халатты абал жандарымызға қолдау көрсету және алғыс айту, оларға күш-жігер мен денсаулық тілеу мүмкіндігі. Мейіз қосылған мерекелік палау – бұл өте пайдалы тағам. Оны мыңжылдықтар бойы ата-бабаларымыз дайындаған. Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын. Осы жылы біз оны ерекше атап өтеміз, карантин жағдайында және жаппай оқшаулауда. Бірақ біз соған қарамастан бізгеміз!» - деп атап өтті Бахтияр Ысқақов.

Барлық сақтық шараларды қолдана отырып, этномәдени берлестік өкілдері тағамды коронавирус жұқтырғандарды емдейтін аурухана қызметкерлеріне тапсырды. Бұл дәрігерлер өз жұмыс орындарынан алшақтамағалы және жақындарын көрмегелі көп болған.

Сондай-ақ, ҚХА мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагері Бүркіт Есжановқа барып, ақсақалды 1 мамырдан мерекесімен құттықтады.

«Бейбітшілік пен бірлікті сақтау өте маңызды. Бұл біздің басты игілігіміз. Тек бірлесіп қана барлық қиындықтарды жеңеміз», - дейді 97 жастағы ақсақал.

Соңғы жаңалықтар