+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қарағандыда дәмхана өртенді

2020 жылғы 20 ақпан 14:40
Бөлісіңіз:
Қарағандыда дәмхана өртенді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Қарағанды қаласындағы дәмхананың бірінде 100 шаршы метр аумақта өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Рудный полицейлері мүгедек әйелді өртеніп жатқан үйден алып шықты Көкшетауда тұрғын үйден шыққан өрттен 17 адам эвакуацияланды Батыс Қазақстанда 15 тонна пішен жанып кетті

20 ақпан күні 03 сағат 54 минутта Қарағанды қаласының Пришахтинск шағынауданындағы Зеленский көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде дәмхананың ғимаратын жалын шарпып жатқан. Бұл өз кезегінде жақын орналасқан көрші ғимаратқа өрттің таралу қаупін тудырды.

Өрт сөндірушілер 05 сағат 30 минутта тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.

«Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 28 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан шатырдың ағаш торы, ағаш жабыны, терезе және есік блоктары, жиһаз, тұрмыстық техника, 100 ш.м. алаңдағы басқа да заттар зақымдалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің пайда болу себебін анықтауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT