Қарағандыда цифрландыру күні өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 16 тамыз Цифрландыру күні өтеді. Бағдарламада - жобалар көрмесі, дөңгелек үстел және үшінші Хакатон өткізу жоспарланған. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нүркен Әбдіров спорт кешеніне келіп «ақылды қала» жобаларының көрмесін көруге болады. Бұл жобалар Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүзеге асырылуда. «Ақылды қала» тұжырымдамасына сыртқы бейнебақылау процесстерін, көше жарықтарын және жол қозғалысын реттеуді автоматтандыру, денсаулық сақтау, білім беру салаларында бірыңғай ақпараттық жүйе құру, сондай-ақ әлеуметтік салаларды жетілдіру үшін қосымшалар мен компьтерлік бағдарламалар құру секілді жобалар кіреді. 

Сол күні «Нұр Отан» ғимаратында «Сандық технологиялар экономиканы дамытудың драйвері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. 
Цифрландыру күнінің ең ауқымды шарасы - Нүркен Әбдіров спорт сарайында өтетін үшінші Хакатон. Оның тақырыбы - «ақылды қалалар» саласында жобаларды дамыту. Студенттік командалар тұрғындардың өмірін жайлы ететін идеяларын іске асыратын болады.

Бұл істе оларға менторлар - әртүрлі кәсіби салалардың мамандары көмектеседі. Хакатонға ең қызықты жобаларды таңдауға және болашақта оны құрастырушымен әріптестік орнататын компания өкілдері шақырылған. 

Хакатонның жалпы жүлде қоры миллион теңге. 

 

Соңғы жаңалықтар