Қарағандыда Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған көрме-байқау өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда Достық үйінде бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі ашылды. Ол танымал жыршы, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шараны Бұқар жырау ауданының әкімдігі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісімі» КММ ұйымдастырды.

«Бұл шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа ұлы жыраудың шығармашылығын насихаттау болып табылады. Мұндай көрме-байқау алғаш рет өткізіліп отыр, алайда біз оны бес жылда бір ұйымдастырып отыруды жоспарлап отырмыз», - деді Ботақара кентінің өнер мектебінің мұғалімі, көрмені ұйымдастырушылардың бірі Амантай Әкішев.

Байқау-көрмеге өз туындыларын 23 суретші ұсынған. Көрермендер назарына салынған жәдігерлердің жалпы саны - 47. Қатысушылардың жас мөлшері 25-тен 70-ке дейінгі аралықта.

Қазылар алқасының мүшерелі айтуынша, барлық жұмыстар өзінше бір ерекше туынды, жәнеде олардың арасынан ең үздігін таңдау қиынға соққан.

«Байқауға жас та, тәжірибелі, танымал суретшілердің туындылары да салынды. Барлық қатысушылар жақсы дайындалған екен, оларға алғысымыз зор. Олар Бұқар жыраудың бейнесін және сол кездегі халқымыздың тұрмысын бейнелеуі тиіс еді. Бізге үздік жұмыстарды таңдау қиын болды», - деді қазылар алқасының төрағасы, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Мұстафин.

Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар, ал басқа қатысушылардың барлығына алғыс хаттар табыс етілді.

Байқау-көрме ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар