Қарағандыда бойжеткен жарты миллион теңгенің косметикасын ұрлап кеткен

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қымбат косметиканы ұрлап кеткен қыз ұсталды. Шығын сомасы 500 мың теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 қарашада Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз адам пәтерінен «Mary Kay» компаниясының косметикалық өнімдерін ұрлап кеткенін түсіндірді. Шығын шамамен 500 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен («Ұрлық») қылмыстық іс қозғалды.

«27 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 23 жастағы күдікті қызды ұстады. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар