+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қарағандыда бөлім бастығы жұмысқа тұрғызамын деп 500 мың теңге алған

2019 жылғы 3 желтоқсан 12:53
Бөлісіңіз:
Қарағандыда бөлім бастығы жұмысқа тұрғызамын деп 500 мың теңге алған

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының №1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы алаяқтық жасады деп күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Әскери полиция басқармасының бастығы 1 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды Шығыс Қазақстанда 38 млн теңгені жымқырып, қашып кеткен есепші әйел ұсталды Проблемалық несиелер қорының қызметкері 20 млн теңгенің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қарағанды облысы бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің №1 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол бір азаматты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на тиесілі «Казахстанская» шахтасына жерасты кен жұмыскері ретінде жұмысқа орналастыру үшін 500 мың теңгесін жымқырды деп күдікке ілініп отыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қорғаушысы екеуі кінәні мойындау туралы мәмілеге келуіне байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ» делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT