Қарағандыда Болған ана кесенесінен табылған археологиялық олжалар таныстырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облыстық тарих-өлкетану мұражайында қазан айында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде табылған құнды олжаларды таныстырды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасаған хабарлайды.

Археологиялық қазба жұмыстары Болған ана кесенесінде жүргізілген. Қазба жұмыстарының барысында ақсүйек тұқымнан шыққан әйелдің сүйектері табылған. Алдын ала болжам бойынша, бұл әйел Жошы ханның туысы болған.

«Әйел Болған ана кесенесінің орталық бөлігінде жерленген. Қазба жұмыстарының барысында қабір табылды. Оның ұзындығы 2,20 метр, ені 1,20 метр, тереңдігі 2 метр, 35 сантиметр. Бастапқыда ағаш саркофагта жерленген адамның қаңқа сүйегі шықты. Өкінішке қарай, саркофаг қираған. Тазарту кезінде сондай-ақ әйелдің бас жағына қойылған алтын кесе, иық тұсынан сырға, сондай-ақ қабірдің ішінен мата қалдықтары және былғары аяқ киім табылды.

Археологические находки из мавзолея Болган ана представили в КарагандеМамандар әйелдің жасын және қай заманда өмір сүргенін анықтау үшін сүйек үлгілерін Америка мен Жапонияның әлемдік зертханаларына жіберді. Зертханалық зерттеулер 2018 жылдың соңына дейін дайын болатыны атап өтіледі.

Болашақта тарихшылар кесенеде жерленген әйелдің бейнесін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.   

Археологические находки из мавзолея Болган ана представили в КарагандеАрхеологические находки из мавзолея Болган ана представили в Караганде

Соңғы жаңалықтар