Қарағандыда бокстан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері таныстырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ғалымбек Кенжебаев бокстан ерлердің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты. 

Бұл қызметке ол Қазақстан бокс федерациясының ұсынысымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетімен бекітілді.

Ғалымбек Кенжебаев құраманы 2009-шы жылдан бастап басқарып келген Мырзағали Айтжановтың орнына келді. 
- Біз бас жаттықтырушы лауазымына жаңашылдықты ұнататын, боксшы шәкірттері тамаша нәтижелер көрсететін адамды ұсындық, - деп атап өтті ҚБФ жаттықтырушылар штабымен жұмыс істеу бойынша вице-президенті Юрий Цхай. 

Қарағандылық Ғалымбек Кенжебаев 15 жылдан астам уақыт бойы жастар ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы болған. Оның бапкер қызметіндегі еңбек өтілі - 35 жыл. 1998-ші жылдан 2005-ші жылға дейін Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы болған. 

Кенжебаевтың жетекшілігімен жастар құрамасы Жастар Олимпиада ойындарында 2014 және 2018 жылдары екі алтын медаль ұтып алған, бес Азия чемпионатында, сондай-ақ 2014-ші жылы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын иеленген.

Соңғы жаңалықтар