Қарағандыда БМВ мен Газель соқтығысып, екі адам көз жұмды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жол апатынан екі адам қаза тапты, бір адам зардап шекті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты 14 маусымда кешке қарай 15 магистральда болды. Тергеу нұсқасына сәйкес, «Газель» жүргізушісі маневр жасау алдында тексеріп алмай солға бұрылған.

«Бастапқы мәлімет бойынша, жүргізуші қарсы жолақпен келе жатқан «БМВ» автокөлігіне жол бермеген. Жол оқиғасы орнында ауыр жарақат алған «БМВ» көлігінің екі жолаушысы қаза тапты, - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Жол апатына кінәлі саналып отырған «Газельдің» 29 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жазылып шыққан соң ол қылмыстық іс бойынша жауап береді. «Сотқа дейінгі өндіріс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4 бөлігі бойныша ашылды», - деп мәлім етті Бақытжан Құдияров.

Соңғы жаңалықтар