Қарағандыда бизнеске арналған мемлекеттік грантты кімдер ала алады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының жұмыспен қамту орталығы қала тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаға мына санаттағы адамдар қатыса алады:

- халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар;

- мемлекеттік тіркеу мерзімі бір жылдан кем кәсіпкерлер;

- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер);

- аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері – АӘК алушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастар (бұл ретте оқудан өту талап етілмейді).

Бағдарламаға қатысу үшін Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайы бойынша хабарласу қажет.

Анықтама телефондары: 996-394, 996-393.


Соңғы жаңалықтар