+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қарағандыда биыл үшінші жылу құбырының құрылысы басталады

2021 жылғы 18 мамыр 09:00
Бөлісіңіз:
Қарағандыда биыл үшінші жылу құбырының құрылысы басталады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жылыту маусымына дайындық барысы Қарағанды облысы басшылығының тұрақты бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында 7 мыңға жуық адам волонтерлікпен айналысады Қазақстан үй салуда ТМД елдері арасында 1-орынға шықты – Асқар Мамин Алматы: «Алтын орда» жол айырығында бетондау және асфальттау жұмыстары басталды

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек өткен қыста болған жағдайларды назарға алып, қолда бар ресурстарды дұрыс бөлу керектігін ескертті.

«Өткен қыс жұмыста іркілістер болды. Әсіресе, Қарағандының Октябрь ауданында және Теміртауда. ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жұмысында үлкен мәселелер бар екенін көрдік. Жылу желілерінің жағдайына қатысты да проблемалар да бар. Оларды тез арада шешу керек», – деді облыс әкімі.

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов өңірдің сегіз жылу электр станциясында 26 қазандық пен 15 турбинаны жөндеу жоспарланғанын хабарлады. Жөндеу науқаны кестеге сәйкес басталды.

Теміртауда ЖЭО-2 қуатын кеңейту үшін жетінші қазандықтың құрылысы маңызды жоба болып қала береді. Қазіргі уақытта жол картасы әзірленді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мердігерлерді таңдау үшін жабдықтарды монтаждауға және ғимаратты жөндеуге тендерлер өткізеді. Мамыр айының соңында келісімшарттар жасалады деп күтілуде, содан кейін жұмыс басталады.

Жылу желілерін жаңғырту бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда. Облыс орталығында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Оңтүстік-Батыс құрылыс ауданында жылу магистралі қайта жаңғыртылады.

Биыл Қарағандыда үшінші жылу құбырының құрылысы басталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT