Қарағандыда биыл бірнеше көше жаңғыртылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров шаһар тұрғындарына биыл қандай жаңа жолдар салынатыны және қай көшелерде күрделі жөндеулер жүргізілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда 2017 жылы жаңа Приканальная көшесінің құрылысы басталған. Ол Тәттімбет көшесі мен Республика даңғылын қосады. Жаңа көше гүлзар іспеттес салынып жатыр, онда жаяу жүргіншілер жолдары, велосипед жолдары жасалып, шам бағаналары орнатылған. Жолдың екінші бөлігі осы жылы аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар қала басшылары ағымдағы жылы тағы бір көшенің құрылысын бастауды көздеп отыр. Бұл жаңа көше де республика даңғылы мен Тәттімбет көшесін қосатын болады. Оның ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды.

Қаланың Октябрь ауданы да назарсыз қалмайды. 14-ықшамауданда биылғы жылы жаңа айналма жол салынбақ. Ол Майқұдық пен «шығыс айналып өту жолын» өзара байланыстырады.

Ал тозған жолдардың күрделі жөндеуіне тоқталар болсақ, осы жылы Құрылысшылар даңғылын қалыпқа келтіру жоспарланған. Өткен жылы бұл көшенің бойындағы кәріз жүйелері толықтай ауыстырыла басталған. Қазіргі таңда көше бойында нөсер ағын кәрізі жасалып жатыр. Ол жұмыстар биылғы жылы толықтай аяқталады.

Күрделі жөндеулер қазіргі әрекеттегі жолдарда да жүргізіледі. Осылайша, ұзындығы 10 шақырымды құрайтын К.Маркс және Магнитогорская көшелеріндегі жолдар толықтай қалыпқа келтіріледі. Бұл жұмыстарды 2021 жылға дейін аяқтау көзделіп отыр. Сонымен қатар, ұзындығы 8,8 шақырым жетінші магистраль (Саран шоссесінен бастап Тәттімбет көшесіне дейін) жолында күрделі жөндеу өткізіліп, оны 2020 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Сол жылы Тәттімбет көшесіндегі М-14 қиылысын қалыпқа келтіру аяқталады.

Соңғы жаңалықтар