Қарағандыда «Бірлік» партиясының өкілдері кәсіпорын еңбеккерлерімен кездесті (ФОТО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында «Бірлік» партиясының мүшелері кен-шахта жабдықтарын жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын «Құрылыс Мет» ЖШС-нің жұмыскерлерімен кездесті.

Партия төрағасының орынбасарлары Болат Байқадамов пен Бауыржан Бөрібек «Бірлік» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы баяндап берді.

«Бірлік» партиясы «Таза Қазақстан үшін» болашақ экологиялық қозғалыстың бастамашысы, және өзінің табиғатты қорғау қызметін Қарағанды сияқты ірі өнеркәсіп аймақтарынан бастамақ. Заманауи, экологиялық таза технологияларды енгізу ресурстарды сақтап қана қоймай, өнеркәсіпшілердің жұмысын қауіпсіз етеді, бүкіл тұрғындардың өмірі үшін одан да қолайлы жағдайлар жасайды», - деді Б.Бөрібек.

Партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Серікбол Әбжанов кеңестік жылдары салынған көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары экологиялық нормаларды сақтауға бағытталмаған деп санайды. «Мемлекет басшысының экономиканы көлемді индустриялық-инновациялық реформалауды өткізу бойынша берген бағдарының үдерісінде елдің барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы табиғатты қорғау жүйесіне ауыстырылады. «Бірлік» партиясы өз алдына экономиканы барлық жерде жүйелі және жан-жақты экологияландыруға септігін тигізу, кәсіпорындарда қалдықсыз ету және басқа да «жасыл» технологияларды енгізу мақсатын қойып отыр», - деп атап өтті ол.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар