Қарағандыда бір жасар сәби терезеден құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда екінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен бір жасар сәби құлап кетті. Кішкентай қызға ота жасаған, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 маусым күні сағат 12:00-де Қарағандыда 2019 жылы туған сәби екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді.

«2019 жылы туған бала Х.Ж.Мақажанова атындағы Көпбейінді аурухананың жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Төменгі жақтың екі жағындағы сүйек ашық сынған. Шақалақ келіп түскеннен кейін ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Орташа ауыр деңгейде», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ТЖД хабарлағандай, бұл – Қарағанды облысындағы биылғы жылдың сәуір айынан бергі балалардың терезеден құлауының 9-шы оқиғасы. Бұған дейін мұндай оқиғалар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалалары мен Сарышаған кентінде болған.

Құтқарушылар балаларды қараусыз және ашық терезе алдында жалғыз қалдырмауды ескертеді.


Соңғы жаңалықтар