Қарағандыда бір отбасын өрттен құтқарған полицейлер марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Қазақстан полициясы күні қарсаңында Сортировка кентіндегі өрттен адамдарды құтқарған полицейлерге сый көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай шаралардың өткізілуі жас полицейлерге өнеге болмақ», - дейді Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Айдар Маханбетов.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы желтоқсанның аяғында жергілікті полиция қызметі теміржол полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Асыл Жұманов пен полиция аға сержанты Таңатов Сержан түнгі кезекшілік кезінде Сортировка кентінің үстінде будақтаған қою түтінді көріп, жылдам сонда аттанған. Олар бірнеше минуттың ішінде бір отбасын өрттен сақтап қалған болатын.

nullПолицейлер мұның ерлік емес екенін, олардың орнында әр адам осылай әрекет ететінін айтады.

Тәртіп сақшыларына басшылықтың марапатынан бөлек, құтқарылған отбасы да алғыс айтып отыр. 

Соңғы жаңалықтар