Қарағандыда бейнекамералар көмегімен ломбард тонаушылар ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бейнебақылау таспалары арқылы ломбардты тонаған солтүстікқазақстандық және оңтүстікқазақстандық екі азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 мамыр сағат таңғы 5-тер шамасында белгісіз адамдар пластик терезені сындырып, қала ломбардтарының біріндегі кепілдегі мүліктерді тонаған», деп хабарлайды Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінде.

Мекемеде мәлім еткендей, оқиғадан кейін жарты сағат өткен соң ЖБО бейнебақылау операторлары күдікті адамдарды байқаған. Артынан жол-патруль полициясы полкінің автопатруль қызметкерлері күдіктілерді ұстады.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта ломбардқа келген шығын көлемі анықталуда. Ұсталған азаматтар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Айта кету керек, бүгінде Қарағанды қаласының өзінде 3000 бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар