Қарағандыда бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы талқыланып жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен бейбіт жиналыстар туралы заң жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдау өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Достық үйі ғимаратында өтіп жатқан қоғамдық талқылауға аймақтың қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысуда.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнама қоғам арасында кеңінен талқыланып жатқанын атап өтті.

«Заңнаманы қабылдау барысында мемлекеттік органдардың, митингке шығушылардың ғана емес, митингке шыққысы келмейтін, митинг өтетін жерде тұратын халықтың да пікірін ескеруіміз керек. Яғни, шеруге шыққысы келмейтін, қауіпсіздік пен тыныштықты қалайтын тұрғындардың пікірі маңызды. Біз шерулер мен демонстрациялар өткізу тәртібін өзгертуді ұсындық», - дейді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, заңда азаматтық қоғам өкілдерінің пікірлері ескерілетін болады.

«Азаматтық қоғам өкілдерінің ұсынысы бойынша өзгертілетін мәселелерге тоқталсам. Біріншіден, митингке қатысушылардың жасы бойынша шектеу алынып тасталды. Енді бейбіт митингтерге 18 жасқа толмағандар да қатыса алады. Бұрын митингке тек 18 жастан қатысады деген шектеу болатын. Біз бұл шектеуді тиянақты қарадық. Шыны керек, бұл шектеуді алып тастауды қаламадық. Бірақ оны алып тастауымыз қажет, себебі бұл Балалардың құқығын шектеу конвенциясының талабы. Яғни енді 18 жасқа дейінгі балалар да бейбіт митингке қатыса алады. Екіншіден, бейбіт шеруді ұйымдастырушының кейбір міндеттері алынып тасталды. Мысалы, митингке қатысушылардың саны белгіленген нормадан асқан уақытта митингті тоқтатуы қажет», - деді министр.

Сонымен қатар, заңнамаға бейбіт митингтерден хабар таратын журналистерге қатысты да өзгерістер енгізілген.


Соңғы жаңалықтар