Қарағандыда бесік арбалардың шеруі өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қала тұрғындарының сүйікті шарасына айналған бесік арбалардың шеруі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ekaraganda сайтына сілтеме жасап.

Бұл - бес жыл қатарынан Кеншілердің мәдениет сарайының алдында өткізіліп келе жатқан дәстүрлі мейрам. «Ойлап тап, жаса, алып кел!» ұраны шараның өткізілетін орны сияқты жылдан-жылға өзгеріссіз қалуда.

«Шеруге қатысу үшін ата-аналар баласының арбасын ерекше етіп безендіріп, онымен мейрамға келулері керек», - дейді Кеншілер мәдениет сарайының балалар мейрамы жөніндегі маманы Еркеназ Айтайбаева.

Әдетте шеруде ерекше безендірілген 10-ға жуық арбалар көрсетіледі. Кейбір отбасылар өздеріне қосымша костюм тіктіреді. Мысалы, алдыңғы жылы ұлдарымен бірге ежелгі грек стилінде киінген ана көптің назарын өзіне аудартқан.

Алдағы шараның бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрмақ. Алдымен қатысушылар Кеншілер мәдениет сарайын айналып шығады. Артынан жарты сағаттық балаларға арналған сауықтыру бағдарламасы өтеді, одан кейінгі кезекте - жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. Сыйлықсыз ешкім қалмайтыны айтылуда. Ұйымдастырушылар шараны өткізуге демеушілерді жұмылдырмақ.

Шара 12:00-де басталады, қатысу және тамашалау - тегін.

 

Фото: ekaraganda.kz

Соңғы жаңалықтар