Қарағандыда белгісіз біреулер 10 көліктің терезесін шағып кеткен

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда белгісіз біреулер 10 көліктің терезесін шағып кеткен. Алайда бұзақылар көліктен ештеңе алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін түнде 12 шағын ауданда болған. Белгісіз біреулер 10 көліктің әйнектерін сындырып кеткен. Аталған оқиға бойынша, ұрлық жасауға оқталу фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бұл іске қазір Қарағандының ішкі істер басқармасының жеке құрамы түгелдей жұмылдырылған.

Күдіктілерді анықтау мен ұстау үшін кешенді шаралар қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар