Қарағандыда балалар үйінің түлектерін қолдау орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда балалар үйінің түлектерін қолдау орталығы ашылды. Бойжеткендерге мұнда тегін баспана беріліп, тамақтандырып, психологиялық және заңдық көмек көрсетіледі, үй шаруасын жүргізуді үйретеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жетімдер үйінің түлектерін қолдау орталығы тамыздан бастап іске кірісті. Ол 12 адамға шақталған, алайда әзірге онда 9 бойжеткен ғана тұрып жатыр.

- Біз 15-23 жас аралығындағы балалар үйінің бойжеткен түлектеріне жарты жылға дейін тегін уақытша баспана ұсынамыз. Егер қажет болса, келісімшартты ұзартып, қыздарды одан да көбірек уақытқа қалдыра аламыз. Егер қажет болса, психологиялық және заңдық көмек көрсетеміз. Кейбіреулерін жұмысқа орналастыруға көмектесеміз, - дейді орталық үйлестірушісі Надежда Жаулбаева.

Қолдау орталығында бекітілген тәртіп бойынша өмір сүреді, өздері тамақ пісіріп, үйді жинайды. Осылайша, мамандардың пікірінше, түлектер қажетті тұрмыстық дағдыларын алады. Өкінішке орай, балалар үйінде олар ондай тәжірибе жинамайды.

Осы секілді орталықтар бүкіл еліміз бойынша қызмет етеді жәнеде олар Аналар үйінің жанынан ашылған. Балалар үйінің түлектеріне арналған жеке ғимараттар тек Астана мен Қарағандыда ғана бар. Орталықтарға арналған коттедждер «Ана үйі» қорының қаражаты есебінен жалға алынады.

Орталыққа орналасу үшін балалар үйінің түлегі екенін растайтын құжат тапсыру қажет. Көмекке 8-800-080-77-71 бірыңғай тегін нөмірі арқылы жүгінуге болады. Қарағанды облысының балалар үйлерінің түлектері қолдау орталығының үйлестірушісі Надежда Жаулбаеваға +7 747 311 41 08 нөміріне тікелей хабарласа алады.

 

Соңғы жаңалықтар