Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді

None
Photo: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағандыда балалар жаппай уланған орталықтың басшысы мен бірнеше қызметкері қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді», - деді Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.

Бұған дейін дәрігерлер Қарағандыда жаппай уланған балалардың жағдайын айтқан еді.

Айта кетейік, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану дерегі тіркелді.


Соңғы жаңалықтар