Қарағандыда балалар теміржолы жұмыс істей бастады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы балалар теміржолы биыл өз жұмысын әдеттегіден ертерек бастады. Өткен демалыстарда онымен мыңға жуық бала сапар шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


«Сенбі және жексенбі күндері біз 962 билет саттық. Үш жасқа дейінгі балалар тегін жүретінін ескерсек, жолаушылардың жалпы саны мыңға жетті», - дейді балалар теміржолының басшысы Виктор Луценко.
Биыл локомативтің экипаж бөлігі толық жөнделді. Билет бағасы өзгермеді - 200 теңге. Балалар теміржолы демалыс күндері 11.00 мен 19.00 аралығында, бейсенбі және жұма күндері 12.00 мен 19.00 аралығында жұмыс істейтін болады.
Айта кетерлігі, балалар теміржолы Қарағандыда 1956 жылдан бері істейді және ол Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған жалғыз балалар теміржол көлігі.

Соңғы жаңалықтар