Қарағандыда балалар арбасының шеруі өткізілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Халықаралық балаларды қорғау күнінде ерекше шара - «Ойлап тап, жаса, алып кел» ұранымен балалар арбаларының шеруі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бесік арбалар шеруін жыл сайын өткіземіз. Биыл бесінші рет өтуде. Қатысамын деушілердің саны жыл санап артып келеді. Бүгін 16 отбасылық жұп қатысты. Өткен жылдары 10-12 қатысушыдан болатын. Жеңімпазға Кеншілер мәдениет сарайынының атынан гран-при және жақсы сыйлық тағайындаймыз», - деді Кеншілер мәдениет сарайының мәдени-ойын-сауық бөлімінің басшысы Самал Истаева.

Шеру қатысушылары үшін басты талап - баласының бесік арбасын ерекше безендіріп, қызыл кілеммен жүріп өтуі керек.

«Біз шеруге екінші рет қатысып жатырмыз. Алдыңғы жылы арбамызды София қуыршағының кейпінде безендіргенбіз. Биыл жедел жәрдем көлігіне ұқсатуды ұйғардық. Жолдасым перзентханада жұмыс істейді, содан болар, ұзақ ойланбай осындай таңдау жасадық», - деді шеруге қатысқан Жібек Қанатова. 

Соңғы жаңалықтар