Қарағандыда балалар алаңдары жөнделді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Республика даңғылының бойында орналасқан бірнеше балалар алаңының  жасанды төсемі ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» ҚМК жұмысшылары тоғыз балалар алаңын жөндеді. Соның ішінде үшеуіне жаңа төсем төселсе, қалған алтауы - бұрынғы қалпына келтірді. Жұмыстар жазы бойы жүргізіліп, күзде аяқталды.

«Барлығы 1498 шаршы метр ескі жасанды жабын жаңасына ауыстырылды. Бұдан бөлек, 2 228 шаршы метр алаңда төсемдерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді», - деді кәсіпорын директоры Рустам Көдебаев.

Бұдан бөлек, кәсіпорын street workout сабақтарына арналған төрт алаңға жабын төсеу үшін мердігерлер арасында конкурс өткізді. Сондай-ақ, жазда гүлзарлар мен саябақтарда аумағы 10 мың шаршы метр тас төсемдер ауыстырылды. 

null null 

Соңғы жаңалықтар