Қарағандыда «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталмыш тұрғын үй бағдарламасына 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар, кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Бағдарламаның шарттары бойынша өтініш берушілер жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұруы тиіс.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:

- бастапқы жарна болуы керек. Яғни тұрғын үй құнының 10%.

- төлем қабілеттілігін растау.

- отбасының бір мүшесіне табыс сомасы 42 500 теңгеден аспауы тиіс.

Несиенің ең жоғары сомасы - 10 миллион теңге, 20 жылға дейін, жылдық мөлшерлеме 2%.

Жолдама беру үшін құжаттарды қабылдау 22 шілде мен 26 шілде аралығында Қарағанды қаласы, Магнитогорская көшесі, 19 мекенжайы бойынша жаңа Майқұдық МҮ ғимаратында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар