Қарағандыда әйел адамды пойыз қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда теміржолға шыққан әйелді пойыз басып кетті. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Машинист жолда адамды көріп, пойызды шұғыл тоқтатқан. Бірақ, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Қазір зардап шегушінің апат кезінде денсаулығы қандай болғанын тексеру үшін сараптама жүріп жатыр», - делінген Көліктегі ІІД баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, теміржол көлігінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша  алдын ала тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар