Қарағандыда аялдамада тұрған қызды көлік қағып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Audi маркалы көліктің 43 жастағы жүргізушісі автобус аялдамасын соғып, ағашқа тірелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«28 маусым күні таңертең Audi автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі Қарағанды қаласы Волгодонская көшесінің бойындағы аялдаманы соқты. Оқиға салдарынан сол уақытта аялдамада тұрған 23 жастағы бойжеткен зардап шекті. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді, дегенмен ауруханаға жатқызылған жоқ», - дейді облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі.
Алдын ала берілген мәлімет бойынша, жүргізуші көлігіне ие бола алмай қалған.
Audi жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 6-бабы, 2-бөлігі (Жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келтіру, көлік құралдарын және өзге де дүниені бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
- Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды
-
Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды
-
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам