Қарағандыда аяғы ауыр әйелдер үшін хостел ашылмақ

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында болашақ аналарға арналған хостел ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат eKaraganda сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Зарина Буенбаеваның айтуынша, хостел шалғайдағы елді мекендерден ауруханаларға көрінуге келетін науқастарға арналған.

Хостелді көпбалалы ана, ІІ-топ мүгедегі Айгүлім Аяпбергенова ашып отыр. 2015 жылы Бизнестің жол картасы бойынша шағын цех ашқан бизнес-вумен бұл жетістігімен тоқтап қалмаған. Мәселен, 2017 жылы жана босанған аналарға ыстық тамақ пен бірінші қажеттіліктегі заттарды жеткізумен айналыса бастаған.

Ал ағымдағы жылдың басында қаланың маңайындағы ауылдардан және жалпы облыс бойынша аяғы ауыр әйелдерден сұраныс түсе бастаған соң Михайловка ауданында хостел ашуды шешкен. Мұнда келушілер үшін қажеттінің барлығы бар.

 

Соңғы жаңалықтар