+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Қарағандыда автобус жолда тұрған «КамАЗ» тіркемесіне соғылды

2019 жылғы 8 қараша 10:48
Бөлісіңіз:
Қарағандыда автобус жолда тұрған «КамАЗ» тіркемесіне соғылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бағдарлық автобус жол шетінде тұрған жүк көлігінің тіркемесіне келіп соғылды. Апаттан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда автобус қағып кеткен 60 жастағы ер адам көз жұмды Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 3 тәжікстандық қаза тапты Қарағанды облысында көлік қаққан 27 жастағы жігіт көз жұмды

7 қарашада сағат 16:00-дер шамасында «Шаолинь» маршруттық автобусының 54 жастағы жүргізушісі С.Мұқанов көшесінің бойымен келе жатып жол апатына ұшырады. Қазіргі мәлімет бойынша, қоғамдық көлік жүргізушісі жол бойында тұрған «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесін байқамай қалған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2 жолаушы және автобус кондукторы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан басына зақым келген, миы шайқалған және жарақат алған үш адам Х.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен бір адамға оқиға орнында көмек көрсетілді», - деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 6 адам болған.

«Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 610-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік өндіріс басталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT