Қарағандыда автобус жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда қалалық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен өтпекші болған 62 жастағы әйелді қағып кетті. Зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Майқұдық ауданындағы мешіттің жанында болған. Оқыс оқиға Instagram-дағы Қарағанды облысына танымал парақшада жарияланды. Видеода әйел жаяу жүргіншілер жолына шыға берген бетте, оны бірден автобус қағып кеткені көрінеді.
«29 қаңтарда Қарағанды қаласының Октябрь ауданында «Ютонг» автобусының 29 жасар жүргізушісі К. Маркс көшесінің бойымен Восток-3 шағын аудан жағынан Магнитогорская көшесіне қарай келе жатқан 62 жастағы қала тұрғынын қағып кеткен», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
«Зардап шеккен әйел Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасына жабық бас ми жарақатымен, бас миы шайқалумен түскен. Сондай-ақ оның қабырғалары сынған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімшесінде жатыр», - деп түсіндірді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
- ШҚО-да иіс тиген ана мен бала көз жұмды
- Оралда бес қабатты үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды
- Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды
- Ерлан Тұрғымбаев мобильді топтары әлсіз жұмыс жүргізіп жатқан өңірлерді атады
-
Карантин талаптарын бұзу деректерінің жартысынан көбі Түркістан облысында тіркелген
-
Қарағанды облысы 2021 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 3 трлн теңгеге жеткізбек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам