+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Қарағандыда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам зардап шекті

2019 жылғы 12 қараша 21:02
Бөлісіңіз:
Қарағандыда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жолаушылар тасымалдайтын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 8 адам зардап шекті, оның 5-і тәжікстандықтар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 11 қараша сағат 23:30 шамасында Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылы маңында болған. «Van Hool» автобусының 38 жастағы жүргізушісі Алматы қаласына қарай келе жатып, 55 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Volvo» жүк көлігіне соғылған.

«Апат салдарынан 8 адам ауруханаға, оның ішінде 4 адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Зардап шегушінің біреуі өте ауыр халде», - деді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға кезінде автобус салонында 15 жолаушы мен 2 жүргізуші болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша апат көктайғақ салдарынан болған. Көлік оқиғасына қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде соңғы процессуалдық шешім қабылданады», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT