Қарағандыда автобус пен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында жолаушылар автобусы мен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«13 желтоқсан күні күндіз Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының көлікке жанармай құю стансаларының бірінің жанында жолаушылар автобусының жүргізушісі алдын ала нұсқа бойынша, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автобустың жүргізушісі мен жедел жәрдем фельдшері ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасыбойынша қылмыстық іс қозғалды, бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар