Қарағандыда автобус бағдаршамның жасыл түсіне өткен баланы қағып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолын бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

17 ақпан күні 27 жасар автобус жүргізушісі Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылынан Ерубаев көшесіне қарай бара жатып, 10 жасар баланы қағып кетті.

Айта кету керек, бала көшені бағдаршамның жасыл белгісіне өтіп бара жатқан. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

«Зардап шеккен баланы Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың жарақат пунктіне жеткізді. Оның шынтағына зақым келген. Дәрігерлердің тексерісінен кейін ол амбулаторлық емделуге жіберілді», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар