Қарағандыда автобус әйелдің аяғын басып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда автобус 50 жастағы әйелдің аяғын басып кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетті.

Полицияның хабарлауынша, оқыс оқиға дүйсенбі күні таңғы 8:23-те Қарағандының Майқұдық ауданына кіреберістегі аялдамада болған. №118 жолаушы автобусы қала тұрғынының аяғын басып кеткен.

«Автобустың дөңгелегі әйелдің аяғын басып кеткен. Қазір полиция жүргізушіні кінәсін анықтау үшін жұмыс жүргізіп жатыр», - дейді №3 автопарк директоры Артур Григорян.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жәбірленуші қазір жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

«Әйелдің жасы 50-ден асқан. Ол аяқтың ашық сыну жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Шұғыл түрде ота жасалды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер бүгін палатаға шығару жайын жоспарлап жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Айжан Иса

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізушіге қатысты «ешқайда кетпеу» бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар