Қарағандыда автобус апатынан зардап шеккен 19 жастағы жолаушы көз жұмды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен науқастардың бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше сағат бұрын Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен жолаушылардың бірі қаза тапты.

«2003 жылы туған науқас өмір сүруге мүмкіндік бермейтін ауыр жарақаттар салдарынан қайтыс болды. Қалған зардап шеккендердің динамикасы тұрақты», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қарағандыда екі жолаушы автобусы соқтығысқан болатын. Апат салдарынан бір автобустың жүргізушісі қаза тапты.

Дәрігерлер хабарлағандай, қала ауруханаларына зардап шеккен 18 науқас түскен. Оның төртеуі ауыр жағдайда.


Соңғы жаңалықтар