Қарағандыда автобус апатынан 6 адам зардап шекті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда №43 жолаушылар автобусы қалада келе жатып, жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Зардап шеккен 6 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД-нің мәлім етуінше, 9 қарашада Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында 23 жастағы бағдарлық автобус жүргізушісі Карл Маркс көшесімен келе жатып, жолдан шығып кеткен. Автобус «жаяу жүргінші» жол белгісін басып өтіп, кюветке түсіп кеткен. Алдын ала дерек бойынша, жүргізуші рульді басқара алмай  қалған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл  №43 жолаушылар автобусы болған.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникаға түрлі жарақатпен 5 адам жеткізілген. Қазір қажетті тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Жол апаты болған кезде автобуста 40 жолаушы болған.

Полиция департаментінің түсіндіруінше, жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 2-бөлігі 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. 

Соңғы жаңалықтар