Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Қарағандыда ауылдық жас кәсіпкерлерге гранттар табыс етілді

2018 жылғы 19 шілде 19:54 433
Бөлісіңіз:
Қарағандыда ауылдық жас кәсіпкерлерге гранттар табыс етілді

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында Бұқар Жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған Жастар форумы өтті. Шара барысында 10 жас кәсіпкерге Қарағанды облысы әкімінің гранттары табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының әкімдігінен мәлім еткендей, XV Ауыл жастарының форумы Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентіндегі стадионда өтті.

Оған Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов және мәжілісмен Серік Сәпиев қатысты.

Форумның негізгі мақсаты - ауыл жастарының проблемаларын анықтау және оларды шешу, атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың осы бағыттағы бірлескен жұмысын үйлестіру. Бұған қоса, қатысушыларға ауылдық жерлерде тұратын жастарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы айтылды.

Шара барысында, сондай-ақ ауылдық жас кәсіпкерлерге өз ісін ашуға арналған облыс әкімінің гранты табыс етілді. Үміткерлер байқау қорытындысы бойынша іріктелді. Олар алдын ала өтінімдерін жіберіп, өз бизнес-жобаларын арнайы комиссия алдында қорғады. Аймақ басшысы әр жеңімпазға бір миллион теңгеге сертификаттарды тапсырды.


Қарағандыда ауылдық жас кәсіпкерлерге гранттар табыс етілді

«Сіздерге мен әрдайым ерекше жақсы көңіл-күймен келемін. Себебі өзім де ауылда туып-өстім. Сіздердің өмірлеріңіз,осы қойылып отырған сауалдарыңыз маған өте таныс және жақын. Бүгін мен осында сіздермен әңгімелесіп, ауыл жастары бүгінгде қалай өмір сүріп жатқанын білу үшін келіп отырмын. Біз әрдайым ауыл жастарының проблемаларымен айналысамыз, оларды шешу жолдарын іздейміз. Жастардың басым бөлігін даму, білім алу мүмкіндіктері, баспана және лайықты өмір сүруге қатысты сұрақтар толғандырады. Жыл сайын ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға көбірек қаражат салынуда. Жастар көтеріліп, болашаққа жоспарлар құрып, өз бизнестерін дамытып жатқанын көру өте қуанышты», - деді Ерлан Қошанов Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеу барысында.

Мәлім болғандай, грантты иеленген жас кәсіпкерлер Жұмыспен қамту органдарында тіркеуде тұрған бір жұмыссызды жұмысқа тұрғызып, бес ай аралығында 40 000 теңге көлемінде стипендия төлеп тұруы тиіс.


Қарағандыда ауылдық жас кәсіпкерлерге гранттар табыс етілді
Қарағандыда ауылдық жас кәсіпкерлерге гранттар табыс етілді
Қарағандыда ауылдық жас кәсіпкерлерге гранттар табыс етілді

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат